Павлодар облысында «ХҚКО» мобильдік қосымшасы жиі қолданылуда
2024 жылдың басынан бастап қосымша арқылы мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының облыс бойынша филиалы баспасөз қызметінің мәліметінше, қосымша 80-ге жуық қызмет алуға мүмкіндік береді.
Мысалы:
- электрондық цифрлық қолтаңба беру;
- біржолғы әлеуметтік төлемді тағайындау;
- жүргізуші куәлігін алу үшін арнайы ХҚКО емтиханына жазылу;
- баж салығын төлеу;
- барлық қажетті құжаттарды тіркеу;
- емтиханның күні мен уақытын тағайындауға болады.
– «ХҚКО» қосымшасы 2021 жылдан бастап жұмыс істейді және танымал болып келеді, – деп атап өтті аталмыш корпорация.
– Азаматтарға орталықтарға барып уақытын жоғалтпай қызмет алу ыңғайлы. Бұл жағдайда кез-келген деректерді өзгерту қауіпі жоқ, өйткені клиенттер биометриялық аутентификациядан өтеді.
Егер қызмет алушыға ХҚКО-ға жеке бару қажет болса, онда қосымшада ол кезекті брондап, орынды, күн мен уақытты алдын ала таңдап, содан кейін смартфонда талон ала алады.
Естеріңізге сала кетейік, Наурыз мемлекеттік мерекесі күндері 21-25 наурыз аралығында Халыққа қызмет көрсету орталықтары жабылады. Павлодар қаласы, Павлов көшесі, 48 мекенжайы бойынша кезектегі ХҚКО 25 наурыз күні сағат 13:00-ге дейін жұмыс істейді.
Халыққа қызмет көрсету орталықтары дәстүрлі жұмыс кестесіне 26 наурыздан бастап оралады.