Павлодарда бос орындар жәрмеңкесі өткізіледі

Павлодарда бос орындар жәрмеңкесі өткізіледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Оған отыздан астам ұйым қатысады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

14 наурызда Жастар бастамаларын дамыту орталығында бос орындар жәрмеңкесі өтеді. 30-дан астам ұйым әртүрлі саладағы жұмыс орындарды ұсынады. 

– Ұйым өкілдерімен кездесіп, ресми жұмысқа орналасу және табысты команданың бір бөлігі болу мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар, – делінген хабарламада. 

Бос орындар жәрмеңкесі сағат 11:00-де Ломов көшесі, 38 мекенжайында болады. Қосымша ақпаратты 8 (707) 66-55-803 нөмірі арқылы білуге болады.