Павлодар облысында көктайғақ пен жаяу бұрқасын күтіледі
Желдің екпіні секундына 28 метрге дейін күшейеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті 5 қазан сағат 20:00-ден 6 қазан сағат 20:00-ге дейін дауылды ескерту жариялады.
6 қазанға қараған түні облыстың батысы мен солтүстігінде жаңбыр мен қар жауады. Күндіз жауын-шашын бүкіл өңірде күтіледі, ал солтүстік пен шығыста ол қатты болады.
– Күндіз жаяу бұрқасын мен көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, екпіні 23-28 метрге дейін жетеді, – деп ескертті облыстық төтенше жағдайлар департаментінде.
Түнде және таңертең өңірдің батысы мен солтүстігін тұман басады.
Павлодар қаласында 6 қазанда күндіз жаңбыр мен қар жауып, жаяу бұрқасын мен көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге, екпіні 23-28 метрге дейін жетеді.