Павлодар облысында науқасты жеткізу үшін ТЖМ тікұшағы жұмылдырылды

Павлодар облысында науқасты жеткізу үшін ТЖМ тікұшағы жұмылдырылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Шұғыл медициналық көмек қажет болған ер адам Ертіс ауданынан облыс орталығына жеткізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазавиақұтқару» АҚ экипажы Павлодар – Ертіс ауданы – Павлодар бағыты бойынша санитарлық рейс орындады.

Ведомствоның мәліметінше, 1982 жылы туған ер адамға шұғыл медициналық көмек қажет болған. Науқасты жедел тасымалдау үшін ТЖМ авиациясы жұмылдырылды.

Ұшу қауіпсіздігін ұшқыштар Керим Саукинбек пен Әлібек Түсіп қамтамасыз етті.

ТЖМ мәліметінше, «Қазавиақұтқару» әуе кемелері санитарлық рейстерді орындауға тұрақты дайындықта. Мұндай тасымал әр минут маңызды болған жағдайда пациентті қажетті медициналық көмек көрсетілетін жерге жедел жеткізуге мүмкіндік береді.