Павлодарда моншаның бу қазандығында жарылыс болды

Павлодарда моншаның бу қазандығында жарылыс болды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Нәтижесінде сыртқы қабырға құлап, жақын маңда тұрған жеңіл автокөліктер зақымданды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сағат 19:39-да Қамзин көшесі, 132 мекенжайы бойынша монша-кір жуу кешенінің аумағында қазандықтың бір қабатты ғимаратында бу қазандығының ашылуы нәтижесінде газ-ауа қоспасының жарылысы орын алды.

–Нәтижесінде 20 шаршы метр аумағында сыртқы қабырға құлады. Сонымен қатар жақын маңда тұрған жеңіл автокөліктер зақымданды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, – дейді департаменттің баспасөз орталығында.

Оқиға орнында ТЖД-ның 9 қызметкері, 4 құтқарушы жұмыс істеді, сондай-ақ апаттар медицинасы орталығы және полиция департаментінің қызметкерлері болды.

Фотосуреттер әлеуметтік желіден алынды

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ТИПИЧНЫЙ ПАВЛОДАР (@ti.pavlo)