Павлодарда көпқабатты тұрғын үйлерге қызмет көрсететін ұйымдар үшін тариф өзгертіледі

Павлодарда көпқабатты тұрғын үйлерге қызмет көрсететін ұйымдар үшін тариф өзгертіледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жоба «Ашық НҚА» порталында жарияланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар қалалық мәслихаты «Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесін, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес келесідей шешім қабылдады:

Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшері бір шаршы метр үшін 34,85 теңге сомасында бекітілсін, – деп жазылған хабарламада. 

Аталған шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.