Павлодар облысында ораза кестесі шықты

Павлодар облысында ораза кестесі шықты
Фото: Константин Шелков

Ораза айт мейрамы мен Қадір түнінің күндері де белгіленді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Павлодар облысында ораза 11 наурызда басталады. Ауызды 10-нан 11-не қараған түні сағат 04:42-де бекіту қажет. Ал Екібастұз қаласының тұрғындары 04:49-да бекітсе, ақсулықтар 04:43-те бекітеді. 

Барсқарманың мәліметінше, Ораза айт мерекесі 10-шы сәуір күні өтетін болады. Ал қасиетті Қадір түні сәуір айының 5-нен 6-на қараған түні болады. 

Айта кету керек, бұл жылғы пітір садақасының құны адам басына 640 теңге. Аталмыш садақаны мешітте немесе электронды аударымдар арқылы төлеуге болады.

Фото: ҚМДБ