Павлодар облысында әскерге шақырылушыға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды
Аталған фактінің жағдайлары мен себептері анықталуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, әскерге шақырылушылардың әскери қызметтен жалтарғаны үшін жауапкершілікке тарту мәселелері өзекті болып қала береді. Себебі, әскерге шақыру кезінде қызметке жарамды деп танылған кейбір жастар әскери қызметтен жалтаруды жалғастыруда. Ал бұл бұзушылық үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
– Павлодар өңірі аудандарының бірінде әскерге шақырылушыға қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 387-бабы, 1-бөлігі бойынша әскери қызметтен жалтару бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жағдайлар мен себептер анықталуда. Павлодар облысында барлығы 1324 жас адам әскери қызметке шақырылуға жатады. Оның ішінде оқуына байланысты әскери парызын өтеу кейінге шегерілген студенттер мен әскери борышын өтеуден қасақана жалтарып жүргендер бар, – деп хабарлады департаментте.
Айта кетейік, әскери міндет – бұл Қазақстан Республикасының әрбір азаматының өз елін қорғау жөніндегі міндеті және қасиетті борышы.