Павлодар облысында ағаш кесумен заңсыз айналысқан орманшы жазаланады

Қылмыстық іс сотқа жіберілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Аққулы ауданы Ертіс өзенінің жайылмасында прокуратураның үйлестіруімен заңсыз ағаш кесумен айналысқан тұлғалар тобы ұсталды.
– Ұсталғандардың бірі Павлодар облысының орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің қызметкері болып шықты. Экологияға келтірілген шығын 1,3 миллион теңгеден астам соманы құрады, – деді облыстық прокуратураның баспасөз қызметінінде.
Қылмыстық кодекстің 340-бабы 3-бөлігі және 188-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу аясында полиция қызметкерлері ұрланған ағаштар мен қылмыс құралдарын тәркіледі.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Қылмыстық іс сотқа жіберілді.