Екібастұзда заңсыз алкоголь сатқан дүкенге тұрғындар шағым түсірді

Екібастұзда  заңсыз алкоголь сатқан дүкенге тұрғындар шағым түсірді

Дүкен сатушысы 21 жасқа толмаған жігітке алкогольді сусын сатқан, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде Екібастұз қаласы полиция басқармасының учаскелік инспекторлары Абай көшесіндегі дүкенде 21 жасқа толмаған тұлғаға алкоголь өнімін сатуға жол бермеген.

Сатушы жігіттің жасын тексермей, 0,5 литр көлеміндегі бір бөтелке алкоголь өнімін сатқан.  Дүкен сатушысына қатысты алкоголь өнімін өткізу жөніндегі ҚР заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК 200-бабы бойынша әкімшілік материал толтырылды, – дейді  Павлодар облысы полиция департаменті жергілікті полиция басқармасы бастығының орынбасары Азамат Күркебаев. 

Жиналған материал сотқа  жіберіледі. Сондай-ақ, шағын аудан тұрғындарынан осы дүкенге қатысты заңсыз алкоголь өнімдерін сатқаны үшін бірнеше рет шағым түскен.

Айта кетейік, жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға алкоголь өнімін сатқаны үшін лицензияның қолданылуын тоқтата отырып, 10-нан 120 АЕК-ке дейін айыппұл қарастырылады.  

Жыл басынан бері облыста алкогольді заңсыз сатудың 50 фактісіне жол берілмеді.

Фото: Константин Шелков