Павлодар облысында орта білім беретін үздік ұйым анықталады

Облыстық білім беру басқармасы облыстық конкурс жариялады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Конкурсты өткізу тәртібі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы «Орта білім беретін үздік ұйым» грантының мөлшерін және оны беру тәртібін белгілей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткізу қағидаларын бекіту туралы» №544 бұйрығымен реттеледі.
Конкурс Павлодар қаласы, Астана көшесі, 12 мекенжайында орналасқан Дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2025 жылғы 16 мамырға дейін Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32 (400-каб.) мекенжайы бойынша қабылданады, байланыс телефоны: 32-18-21.