Павлодар облысында осы апта тұманды болады
Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 15 сәуірде жаңбыр жауады. Сынап бағанасы күндіз +9...+14°С-ты көрсетеді.
16 сәуірде жауын-шашын күтілмейді. Түнде 0...-5°С, ал күндіз +10...+15°С жылы болады.
17 сәуір күні облыстың басым бөлігінде жаңбыр жауып, тұман түседі. Сынап бағанасы түнде +1...+6°С, күндіз +13...+18°С-ты көрсетеді.
18 сәуір жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде +5...+10°С, күндіз +16...+21°С-қа дейін жылынады. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге, кей жерлерде 15-20 метрге дейін жетеді.
19 сәуірде облыстың солтүстігінде жаңбыр жауады. Сынап бағанасы түнде +7...+12°С, ал күндіз +13...+18°С-ты көрсетеді.