Железинде елік атқан ер адам ұсталды

Железинде елік атқан ер адам ұсталды
Фото: pixabay.com

Жыл басынан бері өңірде 190 экологиялық құқық бұзушылық жойылды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Железин ауданы тұрғынының жүксалғышында елік тушасы табылды. Сондай-ақ Ертіс өзенінің жайылмасында аудан орталығының тұрғыны балық аулау ережелерін бұза отырып, бес келіден астам балықты заңсыз аулаған. Ауыл тұрғыны балық аулау және балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау ережелерін бұзғаны үшін жазаланады. Сот шешімімен ер адамға 10 АЕК айыппұл түрінде жаза белгіленді, бұл 36920 теңгені құрайды.

– Жыл басынан бері өңірде 190 экологиялық құқық бұзушылық жойылды, оның ішінде сегіз азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Миллион теңгеден астам сомаға айыппұл салынды, 800 мың теңгеден астам өндірілді. Осы бағыттағы профилактикалық жұмыстар басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп жүргізілуде, – деді Павлодар облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Аслан Жағыпаров.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекске сәйкес балық аулау және балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу  жеке тұлғаларға – 10, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 30, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 50, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 100 айлық есептік мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.