Павлодар облысында осы аптада 35 градус ыстық күтіледі

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 10 маусымда жауын-шашын болмайды. Сынап бағанасы түнде +10...+15°С, ал күндіз +22...+27°С-ты көрсетеді.
11 маусымда да жаңбыр жаумайды. Ауа температурасы түнде +12...+17°С, ал күндіз +25...+30°С-қа дейін көтеріледі.
12 маусымда күндіз облыстың оңтүстік-батысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Сынап бағанасы түнде +16...+21°С, ал күндіз +28...+33°С-қа дейін көтеріледі.
13 маусымда жауын-шашынсыз болады. Ауа температурасы түнде +17...+22°С, ал күндіз +29...+34°С-қа дейін көтеріледі.
Сенбіде де күн ашық болады. Сынап бағанасы түнде +17...+22°С, ал күндіз +29...+34°С көрсетеді.
Жексенбіде күндіз облыстың оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +17...+22°С, ал күндіз +30...+35°С-қа дейін көтеріледі. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін соғады.