Павлодар облысында педагогтердің жалақысы кешіктіріліп жатыр ма?

Павлодар облысында педагогтердің жалақысы кешіктіріліп жатыр ма?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Павлодар облысында мұғалімдер мен балабақша қызметкерлерінің жалақысына қатысты сұрақтар туындады. Осыған байланысты облыстық білім беру басқармасы ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 113-бабына сәйкес, жалақы айына кемінде бір рет, келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірілмей төленуі тиіс.

Басқарманың хабарлауынша, 2026 жылғы қыркүйек айының жалақысы толық көлемде әрі уақытылы төленген. Ал қазан айындағы еңбекақыны төлеу мерзімі әлі бұзылған жоқ. Төлем ағымдағы айдың соңына дейін жүзеге асырылатын болады.