Павлодар облысында рекордтық өнім жиналды

Павлодар облысында рекордтық өнім жиналды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Өңір ауыл шаруашылығына тартылған инвестициялар көлемі бойынша елде көш бастап тұр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысы бұрын тек өнеркәсіптік-шикізат өңдейтін аймақ болса, қазір өңдеу өнеркәсібі дамып, ауыл шаруашылығы да тез өсіп келеді.

Бұл туралы аймақ басшысы Асайын Байханов ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде мәлім етті. 

– Шаруалар шамамен 1,1 млн тонна астық жинады. Ауыл шаруашылығының осындай қарқынды дамуы азық-түлік бағаларының тұрақталуына оң әсер етуде, – деді облыс әкімі. 

Аймағымыз ауыл шаруашылығына тартылған инвестициялар бойынша елде көш бастап тұр. Биыл бұл – 187 миллиард теңгені құрайды.  97 пайыз заманауи су үнемдеу технологиялары қолданылуда. 

Бұл ретте, тәуекелсіз егіс аумағы 1,5 есе ұлғайтылып, 82 мың гектарға жеткізілді. Нәтижесінде, жердің тек бес пайызын пайдалана отырып, өсімдік шаруашылығы өнімінің жартысынан көбін өндіруге қол жеткізілді.

Қазірдің өзінде өңірде 16 азық-түлік тауарлары бойынша баға республика орташа деңгейінен төмен, ал 11 тауар бойынша ҮЗДІК-5 өңірдің қатарына кіреді. 

Айта кетерлігі, Павлодар облысы еліміздегі қарақұмық өндірудің 65 пайызын пайызын қамтамасыз етеді, күнбағыс өнімінің 1/5, ал әр үшінші сәбіз бен картоп та Павлодар өңірінен.