Павлодар облысында жол картасы бойынша не тындырылды?
Бұқаралық ақпарат құралдарына арналған брифинг ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалының үлкен залында бұқаралық ақпарат құралдарына арналған брифинг ұйымдастырылды.
Іс-шарада «Халықпен бірге» партиясының сайлау алдындағы бағдарламаның жол картасын орындау шеңбері аясында партияның өңірлік филиалының басшылығы атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Сондай-ақ, «AMANAT» партиясының белсенді мүшелерінің тұрақты бақылауында тұрған, партияның сайлауалды бағдарламасына кірген, халықпен кездесулерде айтылған Жол картасына енгізілген көрсеткіштер туралы сөз қозғалды.
2024 жылғы жұмыс қорытындылары, ағымдағы жағдай және 2025 жылға арналған перспективалар туралы «AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат төрағасы Илья Теренченко, «AMANAT» партиясы өңірлік филиалы атқарушы хатшысының міндетін атқарушы Айнұр Мұхамедьярова баяндады.
– Сайлау алдындағы бағдарламаны іске асыруда сайлау алдындағы уәделер барлық азаматтардың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Бүгін Павлодар облысы бойынша партияның сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша жол картасы іске асырылуда, ол үшін барлық партиялық ресурстар жұмылдырылды, – дейді Илья Теренченко.
Облыста үш қалалық филиал, он аудандық филиал, сондай-ақ партияның әрбір филиалында өз фракциялары бар. Бұл мәселені тікелей бақылауда ұстайтын – аппарат. Партияның ірі, орта бастауыш партия ұйымдары бар.
– Мәслихаттың 189 мандатының 148 мандаты – біздің «AMANAT» партиясының бір партияластары. Бұл – шамамен 79 пайыз, дәлірек айтсақ 78,9 пайызды құрайды, – дейді спикер.
Есепті кезеңде фракцияның 52 отырысы өткізілді, онда 156 мәселе қаралды, тиісті мемлекеттік органдардың өткізілген отырыстарына 224 ұсыныс, ұсынымдар жіберілді. Жалпы, өңірде жол картасын іске асыру аясында мәдениет саласында мәдениет объектілеріне күрделі жөндеу жүргізілді, барлық жоспарланған объектілер белгіленген мерзімде пайдалануға берілді.
Білім беру саласында 20 білім беру объектісінде күрделі жөндеу жоспарланған және жүргізілген. Денсаулық сақтау саласында ағымдағы жылы жаңғырту ұлттық жобасы аясында 30 медициналық нысанның құрылысы жоспарланған. Бүгінгі таңда жұмыстар аяқталды. Бұл нысандардың құрылысына ауыл тұрғындары ризашылық білдірді.