Павлодар облысында шілденің басында жаңбырлы болмақ

Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 1 шілдеде түнде жаңбыр жауып, найзағай күркірейді. Ауа температурасы түнде +13...+18°С, ал күндіз +25...+30°С-қа дейін көтеріледі.
2 шілдеде де жауын-шашын күтіледі. Сынап бағанасы түнде +15...+20°С, ал күндіз +27...+32°С көрсетеді.
3 шілдеде күн ашық болады. Ауа температурасы түнде +16...+21°С, ал күндіз +28...+33°С-қа дейін жылынады.
4 шілдеде күндіз облыстың батыс жартысында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Сынап бағанасы түнде +17...+22°С, ал күндіз +33...+38°С қатты ыстық болады.
5 шілдеде облыстың шығысында қатты жаңбыр мен бұршақ жауады. Ауа температурасы түнде +19...+24°С, ал күндіз +25...+30°С, облыстың шығысында +22°С болады.
Жексенбіде де бұршақ жауып, күн күркірейді. Сынап бағанасы түнде +13...+18°С, ал күндіз +22...+27°С көрсетеді. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін жетеді.