Ертең Павлодарда бірқатар тұрғын үйде жарық болмайды

Ертең Павлодарда бірқатар тұрғын үйде жарық болмайды
Фото Константин Шелков

Электр желісі таңертеңнен кешке дейін ажыратылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы қалалық ТҮКШ ЖК жәнеАЖ бөлімі мәлімдеді.

28 қараша күні электр желісіне жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Осыған байланысты ертең сағат 9:00-ден 19:00-ге дейін Бекмаханов көшесі - Естай көшесі - Иса Байзақов көшесі - Абай көшесіндегі аумақтағы тұрғын үйлерге электр қуаты берілмейді.