Павлодар облысында су тасқыны дрондармен бақылануда
Жұмыс тұрақты түрде жүргізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық ТЖД мен жергілікті атқарушы органдары тарапынан су тасқынына қарсы бірлескен іс-шаралар жалғасуда. Өңір бойынша автомобиль жолдарының алты учаскесі бақылауда, оның ішінде республикалық маңызы бар төрт учаске және аудандық маңызы бар екі учаске, елді мекендердегі су тасқынына қарсы 21 учаске бар.
– Су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу үшін 114 адам, 50 техника, сегіз мотопомпа жұмылдырылды. Бұл – ТЖД, жергілікті атқарушы органдары, жол қызметі және полиция департаментінің күштері мен құралдары, – дейді облыстық ведомствода.
Тәулігіне 30 мыңнан астам текше метр еріген қар суы, 420 тонна қар шығарылды, 1417 қап инертті материал төселді.
ТЖД қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдар елді мекендерге тәулік бойы мониторинг жасайды. Сондай-ақ, дрондар жұмылдырылды.
Айта кетейік, елді мекендерде 21 учаске бақылауға алынған: Павлодар, Ақсу, Май, Успен, Павлодар, Шарбақты, Ақтоғай, Ертіс аудандары. 11 учаскеде жұмыстар аяқталды.