Павлодар облысында тағы бір автожол жабылды
Ауа райының нашарлады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 наурыз күні сағат 20:00-ден бастап «Павлодар – Шарбақты – РФ шекарасы» автожолының 0–112 шақырым аралығында (Павлодар қаласы – Ресей Федерациясының шекарасы) барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады.
Жолды 12 наурыз сағат 9:00-де ашу жоспарланған.
Қосымша ақпаратты тәулік бойы 1403 байланыс орталығы арқылы алуға болады.