Павлодар облысы таңертең дауыс берушілер саны бойынша көшбасшылар қатарында

Павлодар облысы таңертең дауыс берушілер саны бойынша көшбасшылар қатарында
Фото: Константин Шелков

ҚР Орталық сайлау комиссиясы сағат 10.10-да азаматтардың келуі туралы ақпаратты жариялады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2023 жылғы 19 наурызда сағат 10.10-ғы жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 14,21 % бюллетеньдер алды. 

Оның ішінде: 

1. Абай облысы бойынша –  15,13 % 

2. Ақмола облысы бойынша – 15,61 % 

3. Ақтөбе облысы бойынша –  12,44% 

4. Алматы облысы бойынша –  15,32 % 

5. Атырау облысы бойынша – 12,94 % 

6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 12,96 % 

7. Жамбыл облысы бойынша –  16,54% 

8. Жетісу облысы бойынша – 15,93 % 

9. Қарағанды облысы бойынша – 16,31 % 

10. Қостанай облысы бойынша – 16,23 % 

11. Қызылорда облысы бойынша –  12,64% 

12. Маңғыстау облысы бойынша –12,36  % 

13. Павлодар облысы бойынша – 16,49 % 

14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 15,93 % 

15. Түркістан облысы бойынша –  15,62% 

16. Ұлытау облысы бойынша – 16,38 % 

17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 16,11 % 

18. Астана қаласы бойынша – 13,58 % 

19. Алматы қаласы бойынша –8,51 % 

20. Шымкент қаласы бойынша –  12,57% 

Азаматтардың учаскелерге келуі туралы келесі ақпарат елорда уақыты бойынша сағат 12.10-да, 14.10-да, 16.10-да, 18.10-да және 20.10-да берілетін болады.  

Азаматтардың учаскелерге келуінің алдын ала қорытындылары туралы ақпарат сағат 22.10-да беріледі.