17 тамызда Павлодар облысында жаңбыр жауады

17 тамызда Павлодар облысында жаңбыр жауады
Фото: Константин Шелков

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, облыстың батысында 15-20 метрді құрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазгидрометтің мәліметінше, сенбіде облыс бойынша түнде ауа температурасы +14...+19°C-ты көрсетеді. Солтүстікте, шығыста және облыс орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз сынап бағанасы +22...+27 градусқа дейін жетеді. Жауын-шашынсыз.

Павлодарда түнде ауа температурасы +15...+17 градусты құрайды. Бұлтты болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтілуде.

Күндіз +24...+26°C. Күн бұлтты, жауын-шашынсыз.