Павлодар облысында жүргізуші цистернаға құлап, мерт болды

Павлодар облысында жүргізуші цистернаға құлап, мерт болды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жазатайым оқиға жолда орын алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 8 шілдеге қараған түні «Павлодар-Қызылорда» автожолында Береке және Төртқұдық  ауылдарының арасында MAN маркалы ершікті тартқыштың автоцистернасында жүргізуші қаза тапты. 

– Болжам бойынша ер адам бензинді ыдысқа алуға тырысқанда цистернаға құлаған, – деді департаментте.

Полицияда Павлодар тұрғыны қаза тапқан жазатайым оқиға фактісі бойынша тексеру жүргізуде.