Павлодарда дүкеннің үстіне 25 тонналық кран құлады
Зардап шеккендер болған жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
ҚР ТЖМ ӨҚК Павлодар облысы бойынша департаментінің мәлімдеуінше, оқиға 10 ақпан күні 17:00-де Павлодар қаласы М.Горький көшесі, 46 үйде болған.
Маркасы КС-5363А (жүк көтергіштігі 25 тонна) пневмокөлік жүрісінде жебе типтегі кранын ауыстырған кезде жебе ауытқып, жебе жақын тұрған бір қабатты дүкенге құлады. Құрылысшысы «Малайсары» ЖШС болып табылады. Ал кранының иесі ЖК «Бейсенов».
- Зардап шеккендер болған жоқ. Оқиға орнында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің қызметкерлері жұмыс істеуде. Барлық қатысы бар адамдар анықталғаннан кейін департаментпен апатты тергеу жөніндегі комиссия құрылатын болады, - делінген хабарламада.
Тергеу нәтижелері қосымша хабарланады.