Павлодар облысында жүргізушілерге шектеу қойылады
Жол бағыты жабылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Сағат 21:00-ден бастап Ақмола облысында ауа температурасының -30°С-қа дейін төмендеуіне байланысты дизель отынымен жүретін және қоғамдық көліктер үшін қозғалысқа уақытша шектеу енгізу жоспарлануда.
Шектеу республикалық маңызы бар «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолының 200–254 шақырым аралығы, Шідерті кентінен Ақмола облысының шекарасына дейін қолданылады.
Облыстық ТЖД жүргізушілерден жолға шықпас бұрын ауа райы жағдайын ескеріп, қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды.