Павлодар облысында жас қызды зорлаған ер адам 20 жылға түрмеге қамалды
Қылмыстық іс жабық сот отырысында қаралды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ер адамға қатысты кәмелетке толмағанды зорлау және жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасау фактілері бойынша (ҚК 120-б. 3-2-б. 3) т., 121-б. 3-2-б) 3) т.) бойынша қылмыстық іс қаралды.
Сотта прокурор ер адамды 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне толық өкінді. Оның адвокаты соттан ауыруына байланысты жазаны өтеуді кейінге қалдыру мүмкіндігін шешу үшін куәландыруды тағайындауды сұрады.
Айыпталушының кінәсі сот-медициналық сараптамаларының қорытындыларымен, жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен және іс бойынша жиналған басқа да дәлелдемелермен дәлелденді.
– Сот істің мән-жайын ескере отырып, ер адамға түпкілікті 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды,– деді Павлодар облысы ҚІЖМАС баспасөз қызметінде.
Сондай-ақ, ер адам өмір бойына педагогикалық және кәмелетке толмаған балалармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.