Павлодар облысында жас туристер өзара бақ сынады

Павлодар облысында жас туристер өзара бақ сынады

Сайысқа 10-17 жастағы балалар қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz. 

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәлімдеуінше, жарыс 2013 жылы туған және одан кіші, 2011-2012 жылдары, 2009 - 2010 жылдары, 2007 - 2008 жылдары, 2006 жылы туған және одан жоғары жас топтары бойынша «Жеке-командалық» және «Байламдар» қашықтықтары бойынша өткізілді.

- Облыста көпшілік қатысатын спорттық туризмді дамыту, спортшылардың спорттық шеберлігін арттыру, спорттық туризммен айналысуды насихаттау, салауатты өмір салтын жүргізу мақсатында жасанды рельефте туристік көпсайыстан облыстық ашық чемпионат өткізілді, - делінген хабарламада.

Екібастұз қаласындағы «Қайнар» ҚДК өткен шараға Павлодар қаласы білім беру бөлімінің балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының «Пирамида», «Вершина», «Искра» туристік клубтарының тәрбиеленушілері Павлодар құрама командасы атынан өнер көрсетті. Жас туристердің жетекшілері Сергей Агалаков, Ирина Ридзаускене, Владислав Ридзаускас, Рустам Кенжиндер де қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша павлодарлықтар 150 жүлделі орынға ие болды. Оның ішінде бірінші орын - 52, екінші орын - 52, үшінші орын - 46 .

Сонымен, 2013 жылы туған және одан кіші топтар арасында жалпы командалық I орынды Бартель Давид, Ридзаускас Алексей, Тренин Александра, Чубенко Мария, Алехин Даниил, Звонковская Елизавета, Зайковская Яна, Ткалич Екатерина иеленді.

Қыздар арасында «Байламдар» қашықтығында жалпы командалық есепте I орынды Тоғайбаева Мадина, Горбикова Варвара, МартенсАнна, Ергатова Олеся, Докучаева Василина, Васильева Анастасия, Икласова Альбина, Булатова Азиза, ұлдар арасында Соромотин Михаил, Ясюра Дмитрий, Кучерук Данил, Плотников Тимофей, Фисак Данил, Сидоренко Михаил, Деркач Кирилл, Идрисов Амир ие болды.

«Жеке-командалық» қашықтықта І орынды Тоғайбаева Мадина, Горбикова Варвара, Мартенс Анна, Ергатова Олеся, Идрисов Елнұр, Горнунг Данил, Идрисов Амир, Икласова Альбина иеленді.