Павлодар облысында бес аудан әкімінің жұмысы нашар деп бағалануда

Павлодар облысында бес аудан әкімінің жұмысы нашар деп бағалануда
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Әкімдердің жұмысы 24 көрсеткішті орындау бойынша бағаланады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен аппараттық жиында экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ирина Назарчук мәлім етті. 

– Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша қала және аудан әкімдері рейтингінің алғашқы қорытындылары шығарылды. Рейтинг 24 көрсеткішті қамтиды. Бұл макрокөрсеткіштер, Ұлттық жобалардың көрсеткіштері және Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға бағытталған іс-шаралар, – деді Ирина Назарчук. 

Оның айтуынша, бұл жолы бағалау 18 көрсеткіш бойынша жүргізілген. Қалған алтауын жүзеге асыру тек 2-тоқсаннан бастап жоспарланып отыр.

Жоғарғы нәтижеге, атап айтқанда, 18 көрсеткіштің ішінде 15-і бойынша ұпай жинаған бірде-бір әкім жоқ. Сонымен қатар, жұмысы мүлде тиімсіз деп бағаланған аудандар жоқ.

12-ден 15 балға дейін алған 8 қала мен аудан әкімінің жұмысы «орташа тиімді» деп бағаланып отыр. Бұл – 3 қала мен Баянауыл, Успен, Тереңкөл, Май және Павлодар аудандарының әкімдері.

– Жұмыс тиімділігі төмен деп қалған 5 аудан – Железин, Ертіс, Шарбақты, Ақтоғай және Аққулы аудандары тіркелді, – деді Ирина Назарчук.

 Жиында облыс әкімі Асайын Байханов аудандардағы жүзеге асырылуы тиіс жобалар бойынша тек әкімдер ғана емес, сол саланың басқармалары да жауапты екенін атап өтті. Сондықтан бірлесіп жұмыс жасауды тапсырды. 

Айта кетейік, аталған қала, аудан әкімдерінің рейтингінде 1-орында Ақсу қаласының әкімі орналасса, соңғы орында Ақтоғай ауданының әкімі тұр.

Оразбек Саяхат