Павлодар облысында жаяу жүргіншілерді өткізбеген 1000-ға жуық жүргізуші жазаланған

Павлодар облысында жаяу жүргіншілерді өткізбеген 1000-ға жуық жүргізуші жазаланған
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жүргізуші жаяу жүргіншілер өткелінде адамдарды өткізіп жіберуге міндетті, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

– Павлодарда «Toyota Camry» автокөлігінің жүргізушісі Естай және Генерал Дүйсенов көшелерінің қиылысында жаяу жүргіншіге жол бермеді. Жаяу жүргіншілерге немесе жол қозғалысының өзге де қатысушыларына қозғалыс артықшылығын ұсынбағаны үшін жүргізушіге 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, – дейді облыстық полиция департаментінде. 

Айта кетерлігі, ағымдағы кезеңде облыс аумағында жаяу жүргіншілерді жібермеген 1000-ға жуық жүргізуші жауапкершілікке тартылған.