Павлодар облысында Жаңа жылдық табиғи шырша қаншадан сатылып жатыр?

Павлодар облысында Жаңа жылдық табиғи шырша қаншадан сатылып жатыр?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Үш кәсіпкер шыршаларды Ресейден әкеліп, емін-еркін сату үшін рұқсат алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы Альмира Жингулованың сөзінше, барлығы  Жаңа жылдың қарсаңында 2750 қарағай ағашы әкелінді. Жыл сайын кәсіпкерлер инспекцияда бес мың қылқан жапырақты ағашты тіркейді. 

– Бүгінде үш заңды тұлға шыршаларды сатылымға шығару үшін тіркеді. Шыршалар Ресей Федерациясының аумағынан әкелінген. Шыршалардың бағасы 5 мың теңгеден басталады. Олардың биіктігі – 150-170 сантиметр. Биік және қалың шыршалардың бағасы да сәйкесінше жоғары болады. Орташа бағасы 8-10 мың теңгеге дейін жетеді,– деді Альмира Жингулова.

Инспекция бас маманының айтуынша, тұрғындарда табиғи ағаштарға деген сұраныс әлі бар. 

– Жыл сайынғы шыршалардың көлемі жеткілікті. Себебі сатылмай қалған ағаштардың саны аз болады. Негізінен барлығы сатылып кетеді,– деді Альмира Жингулова. – Облыста жауапкершілігі жоғары жеті кәсіпкер бар. Олар осы кәсіппен тұрақты түрде айналысады. Егер де шыршалар сатылмай, қалып қойса, олар сату нүктелерінде қоқысты болдырмас үшін мерекеден кейін тазалап кетеді. 

Кәсіпкерлерде ағаштардың шығу тегі туралы анықтамалар, карантиндік фитосанитарлық бақылау актілері, шекаралық бақылаудан өту талондары, сатып алу-сату шарттары, тауарды босату жөніндегі құжаттар және тауарлы-көліктік жүк құжаттары болу тиіс. 

Бүгінде кәсіпкерлер Жаңа жылдық шыршаларды қала базарлары мен дүкендерінде сатуға ресми түрде кірісіп кетті. Олар әкімдіктермен арнайы сату орынды бөлу үшін алдын ала келіседі. Мысалы, Павлодарда «Квазар», «Алатау», «Манақбай», «Керуен» сауда үйлерінен мерекелік шыршаларды алуға болады. 

Айта кетейік, облыс аумағында шырша кесуге рұқсат етілмейді. Орман мекемелері өз тарапынан жас қарағайларды заңсыз кесуден қорғауда. Осы мақсатта 44 мобильдік топ пен 10 бақылау бекеті ұйымдастырылып, жұмыс істеп жатыр.