Павлодар облысында жаңа ғылыми журнал жарық көреді
Алғашқы нөмірі бірінші желтоқсанда басылып шығарылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Жаңа басылым Торайғыров университеті жанынан ашылды.
ЖОО баспасөз қызметінің хабарлауынша, Agriculture, Biotechnology & Bioresources ғылыми журналыауыл шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, ветеринария, биотехнология, азық-түлік технологиялары және орман шаруашылығы бағыттары бойынша ғылыми мақалалар мен шолу мақалаларын жариялауға қабылдайды.
- Мақалалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде мақалалар қабылданады. Жарияланымдарға DOI бірегей цифрлық идентификатор беріледі. Мақалалар қосарланған жасырын рецензиялаудан өтеді. Журналдың авторларға арналған талаптары мен редакциялық саясаты халықаралық ғылыми басылымдар тәжірибесіне сәйкес әзірленген, - деп хабарлайды университеттен.
Қазіргі уақытта журналдың алғашқы нөміріне мақалалар қабылдау басталды. Мақалаларды қабылдау мерзімі - 2026 жылғы 30 қазанға дейін.