Павлодар облысында жылқылардың жаппай қырылу себебі анықталды

Павлодар облысында жылқылардың жаппай қырылу себебі анықталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Мамандардың жануарлар жем-шөптен улануы мүмкін деген болжамы расталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қараша айының басында Павлодар ауданының Максимовка мен Розовка ауылдарының арасында қырылған жылқылар табылған болатын. Ветеринарлар 51 жылқының қырылуын уланумен байланыстырған. Оның ішінде 5 бас жылқы «Кирова» ЖШС-не, ал 46 бас жеке сектордың қожайындарына тиесілі. 

Облыстық ветеринариялық зертхана мамандары патологиялық материалды тексеріп, зерттеді. Ветеринария жөніндегі ұлттық референттік орталықта жануарлардың аса қауіпті ауруларын жоққа шығарды. Басқармада сараптаманың қорытындыларымен бөлісті. 

– Жануарлардың мәйіттерін тексеру кезінде жүрек ұлғайған, аш және тоқ ішектерден газдың иісі шыққан. Асқазанда қорытылмаған жасыл заттар табылды. Паренхимальды мүшелерде патологиялық өзгерістер жоқ, ал лимфа түйіндері ұлғаймаған,– деді басқармада. 

Анамнез жинау кезінде «Кирова» ЖШС-не қарасты арпа, сұлы, күздік қара бидай егілген егістік алқаптарында мал жайылып жүргені анықталды. Қалған малдарды көзбен қарап шыққан кезде 10 жылқының жүрісі дірілдеп, тыныс алуы қиындап, ісініп, іші өтіп кеткені белгілі болды.

– Күдікті диагноз – жайылымдық улану. Жануарлардың аса қауіпті ауруларын болдырмау мақсатында сынамалар республикалық ветеринариялық анықтамалық орталыққа жіберілді – нәтижесі теріс болды,– деп атап өтті басқармада. 

Жануарлар бақылауға алынды. Өлген мал иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді