Павлодар облысында жоғалып кеткен әйел өлі күйінде табылды

Павлодар облысында жоғалып кеткен әйел өлі күйінде табылды

Оны туыстары, полицейлер, кинологтар мен еріктілер іздеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Хабар-ошарсыз кеткен адамның туысы «VITA» іздеу жүйелеріне жүгінген. Ол жоғалып кеткен әйелдің кішкентай ұлына қаңтар айында аутизм диагнозы қойылғанын және оның бұл фактіні қабылдай алмағанын айтқан. 

– Бұдан кейін өзіне-өзі қол жұмсап, күйзеліске түскен.  Өмір сүруге деген құлшынысы жоғалып, денсаулығы мен ұйқысы нашарлаған. Тәбеті болмаған. Туыстары оған барынша көмектесуге тырысқан. Тіпті, Шалдайдағы қасиетті жерге апаруға шешім қабылдаған, –  дейді еріктілер.

Бірақ 35 жастағы әйел орманға шығып, жоғалып кеткен. Оны іздеуге Шарбақты ауданы мен Павлодар полиция қызметкерлері, құтқарушылар аттанған. Өкінішке орай, әйел  адам бірнеше сағаттан кейін өлі күйінде табылды.

– Ерекше балаларды тәрбиелеп отырған және балаларының қорқынышты аурулары туралы білетін аналарға қолдау көрсеткіміз келеді. Сіз балаларыңызға керексіз және оларға сізден артық ешкім  қамқор бола алмайды, – дейді еріктілер.