Павлодар облысында көбінесе Toyota маркалы автокөліктер ұрланады
Автокөліктерді көбінесе автотұрақтардан, үйлердің аулаларынан ұрлайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2023 жылдың үш айында аймақта айдап әкетудің 15 фактісі тіркелген. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 12,5%-ға аз. Барлық фактілер ашылған.
– Статистикаға сәйкес, Ертіс өңірінде Toyota маркалы автокөліктер ұрылардың арасында «үлкен сұранысқа» ие – 3 факті. Сондай-ақ Mitsubishi, Audi және ВАЗ-2106 маркалы машиналар олардың назарына ілінеді. Көбінесе автокөлік иелері қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін елемей, көлікті түні бойы үйдің ауласында қалдырып, есіктері мен терезелерінің жабылғанын тексермейтін кезде жиі орын алады. Ал кейбіреулері тұтану қосқышындағы кілттерді мүлдем ұмытып кетеді, – дейді департаментте.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, автокөліктерді көбінесе табиғи автотұрақтардан, үйлердің аулаларынан ұрлайды. Сонымен қатар, иелері біраз уақытқа кетіп, кілттерді тұтану қосқышында және есікті ашық қалдырған кезде болады.
Ұрлықтың 70% кешкі және түнгі уақытта жасалады. Олар кілтті таңдау немесе иелері көлікті ашық қалдырған кезде еркін қол жеткізу арқылы жүзеге асырады. Көп жағдайда айдап әкетуді бұрынғы таныс адамдары жасайды, өйткені автомобильдердің кілттеріне қол жеткізе алады немесе айдап әкетуге қолжетімді жерлерде орналасқан, дабылмен жабдықталмаған автокөліктерді айдап кетеді.
Автокөлікті ұрлау туралы сигнал түскен кезде облыс аумағында дереу «ұстап алу» жоспары енгізіледі. Оған сәйкес барлық сыртқы қызметтер тартылады, сондай-ақ ұрлау фактісі бойынша шекара маңындағы өңірлер бағдарланады.
Полиция автокөлік иелеріне көліктен бірнеше минутқа шыққанда қауіпсіздік жүйесін қосып, есіктердің жабылғанын тексеруге кеңес береді.