Асайын Байханов Сілеті су қоймасын әуеден тексерді

Асайын Байханов Сілеті су қоймасын әуеден тексерді
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев

Сонымен қоса Ақтоғай ауданының аумағын барлады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Аймақ басшысы ТЖ департаментінің басшысы Рүстамбек Амринмен бірге Ақмола облысының Сілеті су қоймасына, сондай-ақ, Ақтоғай ауданының аумағына әуеден тексеріп өтті.

Әуеден бақылау Сілеті су қоймасына құйылатын және ағып шығатын сулардың ағынын ескере отырып, жиналған судың көлеміне талдау жасауға мүмкіндік берді. Бүгінгі таңда су қоймасында жиналған судың көлемі 201 млн текше метрді немесе 87% құрайды.

Ақмола облысындағы Сілеті су қоймасынан жіберілетін судың ұлғаю қаупіне байланысты биылғы су тасқыны маусымында Шолақсор ауылын су басу мүмкін деген қауіп бар.

Барлық су басу қаупі бар учаскелер тексеріліп, Сілеті өзенінде санитарлық су жіберу дайындығы, сондай-ақ, барлық су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу үшін келген күштер мен азаматтық қорғау қызметі топтарының дайындығы зерделенді.

Айта кетейік, аймақ аумағында су тасқыны кезеңіне тәулік бойы бақылау жүргізілуде, барлық қажетті күштер мен құралдар жұмылдырылды.