Павлодар облысында қызметтік иттер мыңнан аса шақыртуға шықты

Павлодар облысында қызметтік иттер мыңнан аса шақыртуға шықты
Фото: облыстық ПД ұсынды

Төрт аяқты достардың көмегімен 200-ден астам қылмыс ашылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті кинологиялық орталығы қылмыспен күрес жұмысына елеулі үлес қосып, әртүрлі қылмыстарды анықтау мен ашуға көмектесуді жалғастыруда.

Қызметтік иттер қару-жарақ пен есірткі заттарын анықтаудың ең тиімді құралы болып қалуда, сондай-ақ, ауыр қылмыстарды ашуға көп көмегін  тигізуде.

Бүгінгі күні орталықта 28 қызметтік-іздестіру иттері бар, олар 2025 жылы 1000-нан астам шақыртуға қатысып, 210 қылмысты ашуға үлес қосты.

Төрт аяқты полицейлердің жетістіктерінің арқасында  кинолог мамандарының ауқымды еңбегі тұр. Иттерді жаттықтыру күнделікті жүргізіледі. Иесінің әрбір қимылына төрт аяқты көмекшілер лезде жауап береді. Үйрету бірнеше кезеңнен тұрады, нәтижесінде иттер қажетті дағдыларды меңгереді. «Төрт аяқты полицейлердің» әрқайсысының өз мамандығы бар және олар өз саласының кәсіби мамандары болып табылады.

Өткен жылы қызметтік иттердің көмегімен 130 килограмнан астам есірткі заттарының заңсыз айналымы тоқтатылды.

– Әрбір полиция кинологының негізгі міндеті – қызметтік итті оқиға орнында немесе жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде қолдануға дайын болу. Біздің қызметте кездейсоқ адамдар болмайды, өйткені қызметтің негізінде жануарларға деген махаббат жатыр. Еңбексүйгіштік, төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік және зейінсіз, адам мен иттің тиімді тандемінсіз қызметтік борышты орындау мүмкін емес, – дейді кинологиялық қызмет орталығының басшысы Нияз Валиев.

Кинологиялық оқу орталығында жануарларды мамандар – ветеринарлар тұрақты бақылауда ұстайды. Қызметке ит таңдаудан бұрын, ол белгілі талаптар  бойынша бағаланады. Кинологтар күнделікті иттермен жаттығулар өткізіп, жалпы үйрету  курсынан өтіп, іздестіру дағдыларының ең қажетті түрлерін үйретеді.

Қазіргі уақытта қызметтік иттерді қылмыстарды анықтау және ашуда тиімді қолдануды арттыру үшін барлық күш-жігер жұмсалып жатыр.