Павлодар облысында қоғамдық жерлерде мас күйінде жүргендер ұсталуда

Олар жазаға тартылуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ең көп таралған құқық бұзушылықтардың бірі – алкогольді ішу немесе қоғамдық жерде мас күйінде пайда болу.
– Мысалы, «102» операторларының пультіне Нұрмағамбетов көшесінің бойында ер адам жатыр деген шақыру келіп түсті. Басқа жағдайда жедел желіге Ак.Сәтбаев – Лермонтов көшелерінің қиылысында жол бойында алкогольдік мас күйінде ер адам тұрғаны туралы қоңырау түсті. Көрсетілген мекенжайға келген полиция қызметкерлері ер адамның мас екенін анықтады. Қала тұрғындары уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізілді, – деп хабарлады департаментте.
Жыл басынан бері облыс аумағында алкогольдік ішімдіктерді ішкені және қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болғаны үшін алты мыңға жуық құқық бұзушылықтың алдын алды. Алкогольді жиі ішетіндер алкогольдің мас адамдарды заңды бұзуға итермелейтінін ескермейді және олар өздері қылмыскерлердің немесе жазатайым оқиғалардың құрбаны болуы мүмкін.