Сенбі күні Павлодар облысының екі қаласының тұрғындары энергия ақысын төлей алады

Сенбі күні Павлодар облысының екі қаласының тұрғындары энергия ақысын төлей алады

Мұндай мүмкіндік облыс орталығы мен Ақсу қаласының тұрғындарына арналған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

"ПАВЛОДАРЭНЕРГО" АҚ-ның мәлімдеуінше, 15 шілде күні «Павлодарэнергосбыт» ЖШС-нің сервистік орталықтары мен төлемдерді қабылдау пункттері жұмыс істейді.

Сенбі күні мына мекенжайларда төлемдер қабылданады:

Павлодар қаласы, Кривенко көшесі, 27-үйде 8.00-ден бастап 16.45-ге дейін (түскі үзіліс 12.00-ден бастап 13.00-ге дейін);
Ломов көшесі,160 мекенжайында 9:00-ден бастап 14:15-ге дейін;
Ак. Сәтбаев көшесі, 101-үйде 9:00-ден бастап 13.45-ге дейін.

Ақсу қаласы, Вокзал көшесі, 11 мекенжайында, 9.00-ден бастап 13.45-ге дейін;
Камзин көшесі, 33-үйде 8:00-ден 16:45-ке дейін (түскі үзіліс 12.00-ден бастап 13.00-ге дейін).

Сонымен қатар, төлемді «Kaspi Bank» АҚ (Kaspi.kz), «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (Homebank.kz), QIWI Kazakhstan (КИВИ Қазақстан) ЖШС және «Astana Plat» (kassa 24) ЖШС немесе «Павлодарэнергосбыт» ЖШС-ның жеке кабинеті арқылы жүргізуге болатынын еске салады.