Павлодар облысында әлеуметтік осал топқа өтеусіз гранттар беріледі

Павлодар облысында әлеуметтік осал топқа өтеусіз гранттар беріледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Грант сомасы 400 АЕК мөлшерінде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстың әлеуметтік-еңбек саласына 2025 жылы 31 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді, бұл – 2024 жылғы шығындардан 34,8% артық.

–     Көзделген шығыстардың 61% немесе 19 миллиард теңге АӘК алатын азаматтарға әлеуметтік төлемдерге, мүгедектігі бар адамдарды оңалту және абилитациялаудың техникалық құралдарымен қамтамасыз етуге және қызмет көрсетуге, облыстың 11 әлеуметтік саланың мекемелерін ұстауға бағытталған, – деп жазды облыс әкімінің орынбасары Дәурен Жамбайбеков Іnstagram парақшасында.

Сондай-ақ, 8,3 миллиард теңгеден астам қаражат халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыруға бағытталады. Жалпы облыс бойынша 2025 жылы 27 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда, оның ішінде тұрақты сипаттағы – 19 мың.

Бюджет қаражаты есебінен субсидияланатын жұмыс орындарына 5,5 мыңнан астам адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда. Оларға белсенді халықты жұмыспен қамту шаралары әлеуметтік жұмыс орындары, жастар тәжірибесі, қоғамдық жұмыстар, күміс жас жобасы сияқты іске асырылатын болады.

Бұдан басқа, жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін халықтың әлеуметтік осал санаттарындағы адамдарға 400 АЕК мөлшерінде өтеусіз гранттар көзделген.