Павлодарлық каратешілер республикалық турнирден алтынмен оралды

Павлодарлық каратешілер республикалық турнирден алтынмен оралды
Фото: Павлодар облысының Ashihara Karate A.I.K.O спорт клубы

Еліміздің оңтүстік астанасында Ашихара Каратэден ҚР чемпионаты өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

22 наурыз күні Алматы қаласындағы жарыс Кумейтэ, Фулл-контакт және Ката бөлімдерінен тұрды. Аталмыш турнирде өңіріміздің құрама командасы 7 алтын, 12 күміс және 8 қола медаль жеңіп алды.

Кумейтэ бөлімінен Алина Руденко, Надежда Романченко, Бектас Баширов, Томирис Жұмағали, Алтын Сағанбаев, Жасмин Алтынбекова алтын медальді, Даниил Нейман, Аязбек Баширов, Айқын Жақсылық, Осман Темірболат күміс медальді, Екатерина Паламарчук, Әли Амантай, Сергей Воробьев, Максим Фарафонтьев қола медальді иеленді.

Фулл-контакт бөлімі бойынша алтын медальді Аязбек Баширов жеңіп алса, ал Надежда Романченко, Ильяс Біржан, Иван Петрушкин мен Бектас Баширов күміс медальға ие болды.

Ал Ката бөлімінен Надежда Романченко, Алина Руденко, Ильяс Біржан, Иван Петрушкинге күміс медаль, Александр Счастливцев, Айқын Жақсылық, Аязбек Баширов пен Алмаз Утюповке қола медаль бұйырды.