Павлодар облысында осы аптада бұрқасын күтіледі

Павлодар облысында осы аптада бұрқасын күтіледі
Фото: pexels.com

Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 11 және 12 ақпанда облыстың солтүстігінде, шығысында аздаған қар жауып, боран соғады. Ал облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Сынап бағанасы түнде -5...-10°С, облыстың шығысында -13°С, ал күндіз -2...-7° көрсетеді. 

13 ақпанда облыстың солтүстігінде, шығысында қар жауып, тұман түседі. Ауа температурасы түнде  -6...-11°С, ал күндіз  -3...-8°С болады. 

14 ақпанда облыстың солтүстігінде, шығысында қар жауып, бұрқасын күтіледі. Сынап бағанасы түнде -7...-12°С, ал күндіз -5...-10°С көрсетеді. Желдің жылдамдығы оңтүстік-батыс бағытымен секундына 9-14, кейде 15-20 метрге дейін жетеді. 

Сенбіде жауын-шашынсыз болады. Ауа температурасы түнде -10...-15°С, ал күндіз -5...-10°С-қа дейін төмендейді. 

Жексенбіде облыстың батысында, оңтүстігінде қар жауып, боран соғады. Сынап бағанасы түнде  -11...-16°С, ал күндіз -5...-10°С көрсетеді.