Павлодарлықтар мереке күні жарық және жылу үшін қайда төлей алады

Павлодарлықтар мереке күні жарық және жылу үшін қайда төлей алады
Фото: «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ

«Павлодарэнергосбыт» ЖШС Конституция күні жұмыс істейтін төлемдерді қабылдау пункттерінің мекенжайларын жариялады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 30 тамыз күні барлық сервистік орталықтар сағат 8:30-дан 17:30-ға дейін жұмыс істейді. Түскі үзіліс сағат 12:00-ден 13:00-ге дейін созылады.

31 тамыз күні жұмыс істейтін төлемдерді қабылдау пункттерінің жұмыс тәртібі:

Павлодар қаласы:

  • Кривенко көшесі, 27, 9:00-ден бастап 14:15-ге дейін;
  • Ломов көшесі, 160, 9:00-ден бастап 14:15-ге дейін;
  • Ак. Сәтбаев көш. 101, 9:00-ден бастап 13:45-ге дейін.

Ақсу қаласы:

  • Вокзал көшесі, 11, 9:00-ден бастап 13:45-ге дейін;
  • Қамзин көшесі, 33, 9:00-ден 13:45-ге дейін.

Төлемдерді келесі қосымшалар арқылы жүзеге асыруды ұсынамыз: «Kaspi Bank» АҚ (Kaspi.kz), «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (Homebank.kz), «QIWI Kazakhstan» ЖШС (QIWI Kazakhstan) және «Astana Plat» ЖШС төлем терминалдары (kassa.24) немесе «Павлодарэнергосбыт» ЖШС жеке шоты, – делінген хабарламада.

Жеке кәсіпкерлер компанияның қызметтері үшін төлемді «QIWI Kazakhstan» ЖШС (QIWI Kazakhstan) және «Astana Plat» ЖШС (kassa.24) төлем терминалдары арқылы жүзеге асыра алады. «QIWI Kazakhstan» ЖШС төлем терминалдары арқылы төлеу тәртібін https://qiwi.kz сайтынан немесе +7(777)773-14-14 (техникалық қолдау), +7(727)356-12-12, +7(778) 746 00-87 (QIWI әмияны) телефондары арқылы алуға болады. «Astana Plat» (kassa.24) төлем терминалдары арқылы төлеу тәртібін https://www.kassa24.kz сайтынан немесе мына телефон арқылы алуға болады: +7(727)312-18-12, +7(705)924-24-24, +7(775)174-84-40.

Интернет-банкинг арқылы төлем жасау тәртібін банктердің веб-сайттарынан немесе 903-309, +7(701)031-73-23 телефондары арқылы алуға болады.