Көлік вице-министрі Павлодар облысына келеді

Мақсат Қалиақпаров өңір тұрғындарымен кездеседі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
2025 жылғы 14 наурыз күні ҚР Көлік вице-министрі Павлодар облысының тұрғындарымен кездеседі.
Күн тәртібіне сәйкес Мақсат Қалиақпаровтың құзыретіне кіретін мәселелер қаралады.
Кездесу сағат 10:00-де Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 38 мекенжайы бойынша орналасқан Жастар бастамаларын дамыту орталығында өтеді.