Павлодар облысының тауар өндірушілері астаналық жәрмеңкеде өнімдерін ұсынады

Тауарлардың бағасы 15-20 пайызға төмен болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
18-19 қазанда сағат 09:00-де Астана қаласында Қазанат ипподромы, Қарқаралы шоссе 1Б мекенжайында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіледі. Оған облыстың 10 аудан және Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалаларынан 80-нен астам ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындары қатысады.
Елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына келесі көлемде өнім ұсынылады: еттің барлық түрі – 60 тонна, картоп пен көкөністер – 430 тонна, сүт өнімдері – 11 тонна, жұмыртқа – 100 мың дана, балық – 11 тонна, бал – 8 тонна, шұжық өнімдері – 7,5 тонна, ұн және ұн өнімдері – 10 тонна, басқа өнімдер – 19,5 тонна.
Жәрмеңкедегі өнім бағалары қала базарларымен салыстырғанда 15-20 пайызға төмен болады. Жалпы ұсынылатын өнім көлемі — 550 тонна.
Жәрмеңкеде ұсынылатын өнімдердің негізгі жеткізушілері арасына «Ақтоғай Агро» ЖШС, «КронАгро» ШҚ, «АгроЛогистик» ЖШС, «АгроТрейд» ЖШС, «Победа» ЖШС, «Галицкое» ЖШС, «Best MILK» ЖШС, «ЭКО ДОМ» ЖШС, «Лисниченко» ЖК, «Ақжар Өндіріс» АФ ЖШС, «КЭММИ» ЖШС, «Розовская Пасека» ЖШС, «Шарапов» ФҚ және тағы басқалары бар.
Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы барлық Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарын жәрмеңкеге келіп, экологиялық таза әрі сапалы өнімдерді тиімді бағамен сатып алуға шақырады.