Павлодарлық оқушының вокалдық шеберлігі республикалық Абай оқуларында бағаланды
Өңір намысын жалпы алты бала қорғады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Семей қаласы мен Абай ауданында «Абай және Шәкәрім» мемориалдық кешенінің базасында жалпы білім беретін ұйымдардың 8-11- сынып оқушылары арасында XXV мерейтойлық республикалық «Абай оқулары» өткізілді. Ол ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Абай облысының білім басқармасымен бірлесіп ұйымдастырылды. Жалпы елден 130 оқушыдан тұратын 21 команда жиналды.
Павлодар облысынан додаға өңірлік байқаудың жеңімпаздары қатысты. Байқау қорытындысы бойынша «Көңілім әнді ұғады» ән орындаушылар байқауында жоғары вокалдық шеберлігімен Полина Петрова ІІ орынға ие болды. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» бағытында І дәрежелі дипломға Ақсу қаласының Ю.Гагарин атындағы мектептің 9-сынып оқушысы Еркебұлан Тіленіш ие болды, ал «Көңілім әнді ұғады» бағытында ІІ дәрежелі диплом иегері Павлодар қаласының №17 мектептің 11-сынып оқушысы Полина Петрова атанды. «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» бағытында Екібастұз қаласының Бесқауға мектебінің 10-сынып оқушысы Сабина Бисенбекова арнайы жүлдемен марапатталды. Ақсу қаласының Қызылжар мектебінің 10-сынып оқушысы Санжарға Сәрсенбеков «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының Құрмет грамотасы табысталды.