Павлодар облысында мемлекеттік қызметкерлердің басым бөлігі – әйелдер
Олардың 20 пайызға жуығы басшылық қызметін атқарады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл жайлы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Руслан Иманқұлов мәлім етті.
– Павлодар облысы бойынша мемлекеттік қызметкерлердің нақты саны 3790 жеткен. Бұл қызметкерлердің 2582-сі әйел азаматтар. Ал басшылық лауазымда 509 әйел отыр,- дейді Руслан Иманқұлов.
Айта кету керек, бұл жылы мемлекеттік қызметкерлердің 68 пайызы әйелдер болса, былтырғы жылғы статистикалық көрсеткіш 67 пайызды құрады.