Ертіс ауданында алғаш рет спорттан «Қыз сыны» сайысы өтті
Іс-шара Отан қорғаушылар күні қарсаңында ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Сайыс бағдарламасында «Орнында тұрып саптық тәсілдерді орындау», «Кедергілер жолағы», «Күш жаттығулары», «Мерген», «ТЖ қорғанысы», «АК бөлшектеу, құрастыру», «Жарақаттар мен жазатайым оқиғалар кезіндегі алғашқы көмек» сияқты басқа да спорттық сынақтардың түрлері болды.
– Бұл іс-шара қыздарды белсенді өмір салтына, спорттық жетістіктерге және денсаулықты нығайтуға қолдау көрсету және шабыттандыру мақсатында ұйымдастырылды, – деді облыстық білім басқармасында. – Қыздар үлкен ынта-жігермен және жеңіске деген ұмтылыспен жарысты. Әр қатысушы жоғары деңгейде өнер көрсетуге және жүлделі орындарға қол жеткізуге тырысты.
Барлық сынақтар аяқталғаннан кейін лайықты марапаттар мен сертификаттарға ие болған жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды.