Павлодар өңірінде елуге жуық мемлекеттік қызметкердің лауазымы өсті
Бұл қызметкерлер меритократия қағидаты бойынша жоғары тұрған лауазымдарға тағайындалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл жайлы Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Иманқұлов Руслан мәлім етті.
– Жыл басынан бері ішкі конкурс қорытындылары бойынша 46 қызметші меритократия қағидаты бойынша жоғары тұрған лауазымдарға тағайындалды,– дейді Иманқұлов Руслан.
Бұл қызметкерлердің 35-і жергілікті атқарушы органда қызмет атқарса, 11-і орталық мемлекеттік органда жұмыс істейді.
Айта кету керек, облыстағы мемлекеттік қызметтерінде бос орындардың саны 347 құрайды. Жергілікті атқарушы органда – 205 қызметкер жетіспесе, орталық мемлекеттік органға 142 қызметкер керек.