Құтқарушылар Баянауыл тауларында тұрып қалған азаматқа көмектесті
Турист 600 метрге көтеріліп, түсе алмай қалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сағат 17:50-де Баянауыл ауданының Торайғыр ауылында 1999 жылы туған жас жігіт «Ақбет» тауына көтеріліп, түсе алмайтыны туралы хабарлама келіп түсті.
– Оқиға орнына 5 құтқарушы шықты. Қызметкерлер жігітке 600 метр биіктіктен қауіпсіз жолмен түсуге көмектесті, – дейді баспасөз орталығында.
Азаматқа медициналық көмек қажет болмады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram